2025 жылдың 4 қарашасында Мұнай-газ инженериясы кафедрасының эдвайзерлері білім беру бағдарламасының 6В07201/6В07204 – Мұнай-газ ісі мамандығының бойынша жетекшілік ететін топтармен бірге Орал қаласындағы Мұнайшы, газ және геологтарының Даңқ алаңына барды. Бұл алаң 2010 жылы ашылған, Қазақстандағы алғашқы геологтарға арналған ескерткіш осы жерде орналасқан. Аллеяда көрнекті мұнайшылар мен геологтарға арналған бюсттер мен мемориалдық тақталар орнатылған. Білім алушылар мұнай-газ саласының дамуына үлес қосқан тұлғалар жайында мол мағлұмат алды. Экскурсия жастарға өз мамандығына деген қызығушылық пен мақтаныш сезімін ұялатты.