НД-32О тобының мұнай-газ ісі кафедрасының студенттері «Тюмен индустриалдық университеті» ФМББМ ұйымдастырған бірқатар іс-шараларға онлайн форматта қатысты.
Іс-шаралар қорытындысы бойынша халықаралық ғылыми жобалар байқауына «Батыс Қазақстан облысы Чинарев кен орны жағдайында эмульсиялы мұнайшламды қайта өңдеу технологиясын әзірлеу» тақырыбында қатысқан студент Нұрсұлтан Алия ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды (ғылыми жетекшісі – Калешева Г.Е., аға оқытушы).
Сондай-ақ, студенттер Даниярова Милана Жасулановна мен Ихсанов Мейрамбек Жандарбекович «Мұнай-газ кешенінің дамуындағы тәжірибе, өзекті мәселелер және келешегі» тақырыбындағы XIV Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысып, баяндама жасады. Конференция нәтижесінде олар II дәрежелі диплом иеленді, ал олардың ғылыми жетекшісі Тулемисова С.С. (аға оқытушы) алғыс хатпен марапатталды.
Студенттер мен олардың ғылыми жетекшілерін лайықты жетістіктерімен құттықтап, ғылыми-зерттеу жұмыстарында сәттілік тілейміз!