2025 жылдың 17 сәуірдің Жоғары аграрлық-техникалық колледжде Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің аға оқытушылары С.С.Тулемисова мен В.И.Кенжесованың қатысуымен колледждің студенттеріне кәсіби бағдар беру жұмыс жүргізілді.

Түсіндірме жұмыстары барысында, С.С.Тулемисова студенттерге мемлекеттік грантқа ие болу шарттары мен талаптарын түсіндірді. Университеттегі гранттардың түрлері, оның ішінде арнайы жеңілдіктер, әлеуметтік қолдау бағдарламалары, әскери кафедраның артықшылықтары туралы толық ақпарат берілді.

В.И.Кенжесова тыңдаушыларға студенттік өмірдің қызықтары туралы әсерлі әңгімелеп берді. Университеттегі студенттік ұйым мен секциялар, мәдени және спорттық іс-шаралар, шығармашылық жобаларға қатысу мүмкіндігі туралы ақпарат беріп өтті.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.