2025 жылғы 16-17 сәуір аралығында Ақтау қаласында Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің базасында «Өрт қауіпсіздігі» пәні бойынша 6В11201 – «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» білім беру бағдарламасы бойынша XVII республикалық пәндік олимпиаданың II кезеңі өтті.
Осы сайысқа Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті, салалық технологиялар институтының 6В11201 – «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» білім беру бағдарламасының білім алушылары Минин Даниил мен Литвишкин Артем олимпиадаға сәтті қатысып, жүлделі III орынға ие болды (жетекшісі ВжТҚ кафедрасының аға оқытушысы, ғылым магистрі Жумагалиев И.К.).
Білім алушыларымызды лайықты өнер көрсетулерімен құттықтаймыз және оқуда, ғылыми қызметте одан әрі табыс тілейміз!

