2025 жылдың 28-сәуірінде «Қаржы және экономика» кафедрасының оқытушылары мен білім алушылары Стела алаңында орналасқан «Мәңгілік алау» мемориалды кешеніне барды. Шара мақсаты – өскелең ұрпақты қазақстандықтардың ерліктерін құрметтеуге және патриотизмге тәрбиелеу. 

Ұлы Отан соғысы құрбандарына еске алу мақсатында білім алушылар жеңіс туралы өлең шумақтарын оқып, гүл шоқтарын қойып, қаза тапқан ерлердің аты-жөндерімен және соғыс барысында қолданылған әскери техникалармен танысты.

Білім алушылар ардагерлердің сұрапыл соғыстағы сөзсіз ерліктері мен жанқиярлықтарын атап өтіп, бүгінгі бейбітшілік пен тұрақтылықты сыйлағандықтары үшін өз алғыстарын білдірді.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz