«Электроэнергетика» білім беру бағдарламасының 4-курс студенттерінен құралған команда – Вальчишин Н.П., Казекешев Т.Б., Карасаев Т.Ж., Жұмағазиев Р.Б. «Энергетика үміті» халықаралық олимпиадасында үздік нәтиже көрсетіп, энергетика, автоматтандыру және есептеу техникасы кафедрасының доценті, т.ғ.к. Садықова Л.А. жетекшілігімен III орынды иеленді.

2025 жылдың 22-25 сәуір аралығында өткен бұл іс-шара Н.И. Вавилов атындағы Генетика, биотехнология және инженерия Саратов мемлекеттік университетінде өтті. Олимпиада Ресей мен Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының электротехникалық бағыттағы студенттерін біріктірді. Шара ПАО «Россети Волга» қолдауымен оқу кешенінің №2 базасында және Саратов РЭС полигонында ұйымдастырылды. Олимпиаданың басты мақсаты – электротехника саласында ғылыми-зерттеу және өндірістік қызметке қабілетті дарынды жастарды анықтау және қолдау.

Олимпиада бағдарламасы теориялық және практикалық кезеңдерден тұрды. Теориялық кезеңде студенттер электротехника, жарық техникасы, электрмен жабдықтау, электр жетегі, электр жабдығының сенімділігі пәндері бойынша жағдаяттық тапсырмаларды шешіп, электр қауіпсіздігіне қатысты тест тапсырмаларын орындады. Практикалық кезеңде электр қозғалтқышын кері айналыммен іске қосу схемасын құрастыру, 10/0,4 кВ жұмыс істеп тұрған трансформатордың басты оқшауламасының кедергісін анықтап, оны жөндеуге шығару және ПАО «Россети Волга» полигонында СИП сымын орнату бойынша тапсырмалар орындалды.

Бұл жетістік студенттердің жоғары деңгейдегі дайындықтарын және энергетика, автоматтандыру және есептеу техникасы кафедрасының білім беру бағдарламасының тиімділігін дәлелдейді. Сонымен қатар, болашақ энергетика саласының көшбасшыларын қалыптастыруға ықпал етеді.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz