5-16 қараша аралығында Педагогика факультетінде жыл сайынғы «Сапа апталығы -2018» өткізілді. Апта аясында жаңа технологиямен оқытудың 11 сабақ үлгісі, 4 дөңгелек үстел және «Золотая психея» студенттік байқауы оздырылды. Апта бойына факультет кітапханасының оқу залында кітаптар мен журналдар көрмесі жұмыс жасады.
Студенттердің кәсіби дағдыларын, психологиялық білімдерін дамыту бағытында «Золотая психея» байқауы өткізілді. Байқау қорытындысы бойынша «Лучший профайлер» – номинациясымен Куанышева Мадина, «Лучший тренинг» – номинациясымен Баймуханова Альбина марапатталды.
«Филология және оқыту әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы, магистр Т.Р.Ахметовтың «Numerals. Cardinal and ordinal numerals. Dates»; «Жаратылыстану ғылыми пәндер» кафедрасының аға оқытушысы, магистр Б.Ж.Умарованың «МЖДБ уақыт бөліктерімен таныстыру»; «Филология және оқыту әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы, магистр С.Ж.Таспаеваның «Бастауыш сыныптарда әр жанрдағы әндерді үйрету әдістемесі»; «Жаратылыстану ғылыми пәндер» кафедрасының аға оқытушысы, магистр Б.А.Медресов «Контроль за тренировочными и соревновательными нагрузками» тақырыбындағы ашық сабақтары жоғары кәсіби деңгейде өтті.
Білім беру мазмұнын жаңартудың өзекті мәселелері, шешу жолдары, алғашқы нәтижелеріне байланысты «Жаңартылған білім беру мазмұны – заман талабы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Шараға студенттер, магистранттар, факультеттің оқытушылар құрамы және №37, №40, №47 мектеп мұғалімдері қатысты. Оқытушылардың баяндамалары тыңдалып, жаңартылған білім мазмұнының мектептерге егізілуі, оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер, жаңартылған білім мазмұны бойынша мектептердегі бағалау критерийі, сыни тұрғыдан ойлауды дамыту мәселелеріне қатысты сұрақтар қойылып, талқыланды.
«Педагогика және психология» кафедрасының оқытушылары Б.К.Баймұханова мен Г.М.Умбетованың «Білім беру саласында қызмет ететін психолог маманның балалармен және ата-аналармен жұмыс тәжірибесінде қолданатын «Құм терапиясын» ұйымдастырудың әдістемесі» тақырыбындағы сабағы теориялық және практикалық бөлімдерге бөлінді Сабаққа «Педагогика және психология» мамандығының студенттері, Облыстық ақыл-есі кем балаларға арналған мектеп-интернатының психолог-консультанты А.Ж.Насырова, №10 «Балапан» балабақшасының тәрбиешісі А.М.Омарова, М.И.Сауханова, Облыстық балалар үйінің психологтары Д.М.Темирбекова, Г.Н.Ниязбекова, №50 «Заңғар» балабақшасының психологы Г.М.Танатова қатысты.
«Қаржы» кафедрасының оқытушылары Д.С.Тогашева мен А.К.Нурманова 3-4 курс студенттеріне «Жеке табыс салығының бюджет жүйесіндегі орны» тақырыбында СОӨЖ өткізді. «Тарих және ӘГП» кафедрасының оқытушысы С.Е.Сидахметов «б.э.д.ІІІ-ІІ мың жылдықтағы Греция. Б.э.д. ІІІ-ІІ мың жылдықтағы Крит мемлекеті», А.С.Сисекешова мен А.Ж.Дауесованың «Құқық және экономика негіздерін оқыту әдістемесі пәні бойынша» тақырыбындағы сабақтары жоғары деңгейде өтті.
«Педагогика және психология» кафедрасының оқытушысы А.Е.Жұмасейітованың «Мектепке дейінгі жастағы балалардың психологиялық дамуының ерекшеліктері» тақырыбындағы сабағына «Педагогика және психология» мамандығының магистранты, «Бәйтерек» балабақшасының психолог-дефектологы А.А.Зайнуллина қатысып, өз ойын ортаға салды.
«Жаратылыстану ғылыми пәндер» кафедрасында «Роль практики в формировании профессиональной педагогической компетенции выпускников» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге олимпиадалық резерв мектебінің директоры Н.Ж.Туяков, олимпиадалық резерв мектебінің әдіскері С.С.Нугман, «Ақ Жайық» клубы директорының орынбасары А.Е.Мендешев шақырылды.
«Современные тенденции повышения качества непрерывного образования» дөңгелек үстел жұмысында э.ғ.к., доцент Б.Б.Суханбердина «Магистратура в современных условиях: задачи и перспективы» тақырыбындағы баяндамасы, э.ғ.к., доцент Г.К.Курманова «Роль преподавателя в процессе повышения качества образования» тақырыбындағы баяндамасы, «Қаржы» мамандығының 4 курс студенті Г.Серикова «Білім беру сапасы-студенттер көзқарасымен» тақырыбында баяндамаларын қорғады.
«Педагогика және психология» кафедрасының аға оқытушылары А.И.Султангалиева мен А.А.Гинаятованың «Мектепке дейінгі ұйымдарда жекелеген пәндерді оқытудың теориясы мен әдістемесі» тақырыбындағы әдістемелік семинар жұмысында «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу» мамандығының студенттері, «Педагогика және психология» мамандығының магистранттары, №22 балабақша тәрбиешісі А.С.Кайрлиева мектепке дейінгі мекемелерде инновациялық оқыту әдістерін қолданудың үлгісін көрсетті.
Ж.Е.Қадыржанованың «Методы организации самостоятельных работ студентов по дисциплине «Психологияны оқыту әдістемесі» тақырыбындағы семинарлық сабағы жаңа технологияларды қолдану әдісімен өтті.
«Педагогика және психология» кафедрасының доценті Г.К.Джонисованың ұйымдастыруымен «Болашақ тәрбиешілердің кәсіби құзыреттілігін жетілдірудің педагогикалық‑психологиялық негіздері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Орал гуманитарлық колледжі аға оықтушысы Маденова Т.У., №34 «Балбұлақ» балабақшасының ағылшын тілі мұғалімі Елешова М.И., №29 «Балауса» балабақшасы тәрбиешісі Масеева Л.В. шақырылды және мектепке дейінгі ұйымдарда қолданылатын инновациялық технологиялар талқыға ұсынылды.
Апта қорытындысында факультеттегі сапа менджменті даму перспективалары айқындала отырып, педагогикалық инновациялық технологиялардың қолданылудағы оң тәжірибе бөлісілді. ОПҚ мен студенттерге факультеттің сапасын жақсарту негізінде сауалнамалар жүргізілген сауалнамалар нәтижесі ұсынылды.

















