2023 жылдың 23-ақпан күні Батыс Қазақстан инновациялық технологиялық университетінің «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасының 2 курс студенттері Бисалиев Серік Амантайұлы мен Мендигалиев Батырбек Сарсенбайұлының жетекшілігімен кафедра филиалы жұмыс жоспар аясында самбодан төрт дүркін әлем чемпионы, Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген спорт шебері, БҚИТУ түлегі Байбатыров Ерболат Сағатұлы басқаратын БҚО, ұлттық спорт түрлері бойынша облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне барып, тәжірибеге бағытталған сабақ өткізілді.
Ұлттық спорт түрлері бойынша облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Динара Төлегенқызы спорт мектебінің қысқаша тарихы мен жетістіктері және мектепте қандай спорт бөлімдері жұмыс жасайтының айтты. Ұлттық спорт түрлері бойынша облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде көкпар, аударыспақ, теңге ілу, жамбы ату,тоғызқұмалақ, қазақ күресі, асық ату бөлімдері жұмыс жасайды. Ұлттық спорт түрлері бойынша облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің бірінші санатты жаттықтырушылары Актілек Сарсенов пен Ақылбек Мендигалиев көкпар, аударыспақ, теңге ілу жамбы ату түрлері бойынша шеберлік сағатын өткізді. Шеберлік сағат барысында жаттықтырушылар мен спортшылар алдымен ат әбзелдерімен таныстырып, содан кейін көкпар ойынының ережесі, әдіс-тәсілдері, серкені жерден атпен алу, шеңберге салым салу техникаларын көрсетті.
Батыс Қазақстан инновациялық технологиялық университеті студенттері тәжірибеге бағытталған сабақ соңында дәстүрлі садақ атып, атпен серуендеді. Студенттер ұлттық спорт түрлері бойынша облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде өткен тәжірибеге бағытталған сабақтан мол тәжірибе жинап, жақсы әсер алып қайтты.
