17 ақпанда Инженерлік-гуманитарлық факультетінің деканатында Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінің өкілдерімен кездесу өтті. Кездесуге ИГФ факультетінің деканы Б.А.Билашев, Энергетика, автоматтандыру және есептеу техникасы кафедрасының меңгерушісі В. П. Захаров, қабылдау және кәсіптік бағдар беру бөлімінің басшысы Л. Н. Майранова, сондай-ақ колледж өкілдері, оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі бастықтың орынбасары Г.Б. Тугерова және кадрлар даярлау жөніндегі бастықтың орынбасары Г.К. Юбасарова қатысты. Кездесу барысында «6В07105-Автоматтандыру және басқару», «6В06104-Есептеу техникасы және ақпараттық жүйелер», «6В07101-Көлік, көліктік техника және технологиялар», «6В071202-Электр энергетикасы», 6В07301-Сәулет, 6В07302-Құрылыс, «6В11201-Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» білім беру бағдарламалары бойынша колледж мен ЖОО арасындағы білім беру бағдарламаларын интеграциялау мәселелері талқыланды. Іс-сапардың негізгі мақсаты жаңа оқу жылында ашылатын қолданбалы бакалавриат үшін келісімшарт жасақтау. Кесдесуде колледж бен жоғары оқу орнының мамандары өзара тәжірибе алмасып, бұл бағытта әдістемелік құралдарды дайындау, бағдарламаның тұжырымдамалық негіздеріне қатысты тақырыптар бойынша ой-пікірлерін ортаға салды.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz