2024 жылдың 01 ақпанында «Amanat» партиясының «Жастар Рухы» Жастар Қанаты өкілдерінің БҚИТУ Білім және менеджмент институтының студенттерімен кездесуі өтті. Студенттердің қоғамдық-саяси қызметі жас қазақстандықтарды әлеуметтендірудің маңызды кезеңі болып табылады. Іс-шара барысында «Жастар Рухы» Жастар Қанатының өкілдері жастар қанатының қызметі туралы ақпаратпен бөлісіп, студенттерді әлеуметтік белсенді болуға және «Жас саясаткерлер» мектебінің 1 жылдық тегін оқу курсына шақырды.
Қазақстан бойынша 100 мыңнан аса жасты біріктірген Amanat партиясының «Жастар Рухы» жастар қанаты еліміздегі жастар саясатына бағытталған ең ірі ұйымдардың бірі болып табылады.
Кездесу барысында студент жастар қатысушыларға сұрақтар қойып, «Жастар Рухы» Жастар Қанаты БҚО бөлімшесінің белсенділігіне кіру тәртібімен танысты.

