6В04202 “Құқықтану” білім беру бағдарламасының білім алушылары қалалық сайлау комиссиясында ұйымдастырылған Дүниежүзілік сайлау күніне арналған іс-шараға қатысты.
БҚИТУ құқық кафедрасының қауымдастырылған профессоры, заң ғылымдарының кандидаты, Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты М.Т. Габдуалиев сайлау құқығы мәселелері бойынша баяндама жасады.
М.Т. Габдуалиев қатысушыларға елдің сайлау жүйесінің қалыптасу және даму кезеңдері туралы айтып, қоғамдық-саяси әдебиеттің жаңалықтарымен таныстырды.
Кездесу барысында сайлау заңнамасының конституциялық негіздерінің өзекті мәселелері, жастардың сайлау – құқықтық мәдениетін арттыру, сайлаудағы жас сайлаушылардың белсенділігін арттыру мәселелері талқыланды. Нәтижелі пікір алмасу болды.


