2023 жылдың 05 желтоқсанында ветеринария және техносфералық қауіпсіздік кафедрасының ұйымдастыруымен ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің “Республикалық ветеринарлық зертхана” шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК БҚО филиалының Серология бөлімінің маманы Уразгалиева Сандигул Жайнарбековна шақырылып, 6В09103 – “Ветеринария” және 6В09101-Ветеринарлық медицина білім беру бағдарламасы бойынша білім алушыларға дәрісін оқыды.

Бұл кездесудің мақсаты – білім алушыларды серологиялық бөлімнің негізгі қызметімен таныстыру, ол пробиркалардағы агглютинация реакциясында жануарлардың қан сарысуындағы ерекше антиденелерді анықтауға, комплементті байланыстыру реакциясына, суықта комплементті ұзақ байланыстыру реакциясына, иммунодиффузия реакциясына, роз бенгал антигенімен аггютинацияның пластиналық реакциясына, диффузиялық преципитация реакциясына және сиыр сүтің – сақина реакциясымен сондай-ақ преципитация реакциясындағы тері шикізатын зерттеулер сиақты бағытталған зерттеулерді жүзеге асырудан тұрады. Бөлім келесі аурулар бойынша зертханалық сынақтар жүргізеді-сібір жарасы, сап, бруцеллез, лептоспироз, хламидиоз, листериоз, жылқылардың инфекциялық анемиясы сиақты ауруларды қазіргі заманғы жабдықтарды қолдана отырып, аккредиттеу саласына сәйкес қолданыстағы әдістер негізінде жүргізеді.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz