2026 жыл 22 қыркүйекте «Көлік және технологиялар» кафедрасында 1 курс білім алушылары мен эдвайзерлердің қатысуымен тіркеу офисінің жетекшісі А. К. Джубаялиевамен ақпараттық-танымдық кездесу өтті.

Кездесудің басты мақсаты – бірінші курс білім алушыларын жоғары оқу орнындағы оқу үдерісінің ерекшеліктерімен таныстырып, кредиттік оқыту технологиясының негізгі қағидаларын түсіндіру.

Іс-шара барысында «Кредиттік оқыту технологиясы» тақырыбында дәріс оқылып, білім алушыларға кредит ұғымы, оқу жүктемесі, пәндерді таңдау мүмкіндіктері, жеке оқу траекториясын қалыптастыру және білімді бағалау жүйесі туралы кеңінен ақпарат берілді.

Сондай-ақ оқу үдерісін тиімді жоспарлау, сабақтарға тұрақты қатысу, өздік жұмыстарды уақытылы орындау және академиялық талаптарды сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кездесу барысында білім алушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауаптар алды. Ашық пікір алмасу форматында өткен іс-шара студенттердің жаңа оқу жүйесіне бейімделуіне және университеттегі оқу үдерісін дұрыс ұйымдастыруына мүмкіндік берді.

Осындай кездесулер білім алушылардың академиялық сауаттылығын арттырып қана қоймай, олардың университеттік ортаға тез бейімделуіне, өз оқуына жауапкершілікпен қарауына және болашақ кәсіби дамуына бағыт-бағдар береді.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz