16–23 қыркүйек аралығында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде жыл сайынғы Ашық есік күндері ұйымдастырылды.Биылғы ауқымды іс-шараға Орал қаласы мен Батыс Қазақстан облысының мектептерінен 11-сынып оқушылары қатысты. Жас түлектер үшін бұл күндер — университетпен жақынырақ танысып, болашақ мамандық пен студенттік өмір туралы маңызды ақпарат алуға мүмкіндік берген ерекше алаң болды.Іс-шара барысында оқушылар БҚИТУ-дың білім беру бағдарламаларымен, мамандықтарымен, заманауи оқу мүмкіндіктерімен және студенттерге ұсынылатын жағдайларымен танысты. Университет өкілдері талапкерлерді қызықтырған сұрақтарға жауап беріп, мамандық таңдауға қатысты пайдалы кеңестерімен бөлісті.Кездесулердің ерекше қонақтары қатарында «Назар аудар» театрының актері, БҚИТУ-дың жұлдызды түлегі Ақболат Өтебаев болды. Ол оқушылармен еркін форматта әңгімелесіп, өз тәжірибесімен бөлісіп, мақсат қою, өзіне сену және арманына табандылықпен ұмтылу туралы мотивациялық ойларын жеткізді.Сонымен қатар сахнада қаламыздың танымал өнерпаздары Рысбек және Assyl&Kesha өнер көрсетіп, оқушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Ашық есік күндері тек университетті таныстырумен шектелмей, жас түлектерге шабыт беріп, болашаққа нақты қадам жасауға бағытталған ерекше кездесу алаңына айналды.Бүгінгі талапкер — ертеңгі маман!БҚИТУ-да біз біліммен қатар, жастардың арманын үлкен мақсатқа айналдыруға мүмкіндік береміз.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz