23 қыркүйекте студенттердің құқықтық мәдениетін арттыру, Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясындағы адам мен азаматтың құқықтары мен міндеттерін сақтау нормаларын, сондай-ақ «Заң және тәртіп» тұжырымдамасының негізгі ережелерін түсіндіру мақсатында ИОТ-тың комплаенс қызметі ұйымдастырған кездесу өтті.
Іс-шара «Киберқауіпсіздік: цифрлық кеңістіктегі өзін-өзі қорғау мәдениеті» тақырыбында ЗКИТУ-дың «Сәулет және құрылыс» кафедрасының 1-курс студенттерімен өткізілді. Кездесуге Батыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері қатысты. Іс-шара ЗКИТУ мен Батыс Қазақстан облысы Полиция департаменті арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында ұйымдастырылды.
Іс-шараның модераторы – ИОТ комплаенс қызметінің басшысы Рахметов Т.Х. болды. Ол іс-шара қонақтары мен қатысушыларын таныстырды. Олардың қатарында ИОТ ЗКИТУ директоры, қауымдастырылған профессор, техника ғылымдарының кандидаты Билашев Б.А., Полиция департаментінің киберқұқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Шуйншалиев О.А., Орал қаласы ПБ Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы бастығы, полиция подполковнигі Сисенгалиев К.К., ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының аға жедел уәкілі, полиция аға лейтенанты Абишев А.Б., сондай-ақ оқу орнына бекітілген Абай полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторлары, полиция аға лейтенанттары Ақбалина А.С. және Нуркаятова М.К. болды.
Рахметов Т.Х. жаңа Конституцияда Әділетті Қазақстан тұжырымдамасының және Қазақстан Республикасының барлық азаматтарының «Заң және тәртіп» қағидаттарын сақтау қажеттілігінің бекітілгенін атап өтті.
Осыған байланысты ол студенттердің тәртіпті және жауапты болуы, еліміздің заңдарын құрметтеуі, білуі және бұзбауы, сондай-ақ оқу барысында ЗКИТУ-дың Академиялық адалдық ережелері мен Студенттің ар-намыс кодексін сақтауы қажеттігіне тоқталды.
Полиция қызметкерлері «Заң және тәртіп» тұжырымдамасының негізгі ережелерін түсінікті әрі жан-жақты баяндап, бейнероликтер көрсетті. Сонымен қатар киберқұқық бұзушылықтардың, буллингтің, сталкингтің, қоғамдық тәртіпті және жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу мәселелері туралы ақпарат берді.
Кездесу барысында Орал қаласында жастар мен студенттер тарапынан жасалған осындай құқық бұзушылықтардың нақты мысалдары келтіріліп, қылмыстық және әкімшілік заңнама нормалары, сондай-ақ құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік түрлері түсіндірілді. Студенттер мен оқытушылардың барлық сұрақтарына жауап берілді.
Іс-шара барысында ИОТ директоры Билашев Б.А. студенттерді тәртіптілік пен жауапкершілікке, ЗКИТУ-дың мінез-құлық және жатақханада тұру ережелерін, оқу кезеңінде академиялық адалдық қағидаларын сақтауға, Қазақстан Республикасының заңдарына құрметпен қарауға шақырды.
Сөз соңында Билашев Б.А. полиция қызметкерлеріне мазмұнды баяндамалары және іс-шараға белсенді қатысқаны үшін алғысын білдірді.

