2022 жылғы 13-20 қыркүйек аралығында Инженерлік-гуманитарлық факультетінің кітапханасында бірінші курс студенттеріне таныстыру экскурсиялары өткізілді. Кітапхана қызметкерлері кітапхана құрылымы, кітап қорын пайдалану ережелері,тақырыптық сөрелер, кітап көрмелері туралы айтып берді. Студенттерге каталогтармен қалай жұмыс істеу керектігін, электрондық кітапханадан қажетті ақпаратты іздеу, Республикалық жоғары оқу орындары арасындағы электрондық кітапхананың (РМЭБ) электрондық дерекқорын және кітапхананың басқа да ақпараттық ресурстарын пайдалану жолдарын көрсетті. Студенттерге университеттің электронды кітапханасы орналасқан университет сайтына кіру ұсынылды

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz