16 қыркүйек күні Инженерлік-гуманитарлық факультетінің 6В04202 Құқықтану білім беру бағдарламасының студенттері «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясына волонтер ретінде қатысты.
Жыл сайын өткізілетін жалпы республикалық «»Халық заңгері» акциясының мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету. Қабылдауға келген қала мен облыстың 200-ден астам тұрғыны кәсіби құқықтық көмек алды. Оларға 50-ден астам маман-сот жүйесінің, прокуратураның, құқық қорғау органдарының, адвокатураның, нотариаттың өкілдері кеңес берді.
Акцияның еріктілері бола отырып, біздің студенттер, болашақ заңгерлер халықпен қарым-қатынаста баға жетпес тәжірибе алды, құқықтық мәселелер бойынша алғашқы кеңес берді.


