2025 жылдың 21-сәуірінде 2025 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасымен алғаш рет тойланып отырған «Ұлттық кітап күні» мерекесіне орай Ж.Молдағалиев атындағы облыстық орталық әмбебап ғылыми кітапхананың ұйымдастыруымен республикалық «Ұлттық мұра және кітап әлемі: дәуірлер сабақтастығы» атты кітап фестивалі өтті.
Шарада көрмелер, шығармашылық кештер, кітаптар шеруі, ұлттық ойындар алаңы, шеберлік сағаты, интеллектуалды ойындар және қойылымдар қойылды. Шараға зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, мәдениет саласына қарасты мекемелердің қызметкерлері, жоғары және арнаулы оқу орындарының студенттері және кітапхана оқырмандары қатысты.
Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті Білім және менеджмент институтының кітапханашылары шараға арнайы ЖОО профессор-оқытушылары құрамының ғылыми-зерттеу және оқу-әдістемелік еңбектерінің көрмесін жасақтады. ЖОО көрмесі Ж.Молдағалиев атындағы облыстық орталық әмбебап ғылыми кітапхананың директоры Ш.Уразаеваның алғыс хатымен марапатталды.