БҚИТУ инженерлік-гуманитарлық факультеті, Мұнай-газ ісі кафедрасының аға оқытушысы, техника ғылымдарының магистрі Тойган Насипкалиевна «Жайықмұнай» ЖШС-не қарасты «Белес» мұнай құю терминалында 6В07201 – «Мұнай-газ ісі» білім беру бағдарламасының білім алушыларына «Мұнайды резервуарларда сақтау кезiнде шығынды болдырмау» тақырыбында тәжірибеге-бағытталған сабақ өткізді. Сабақ барысында резервуарлардағы мұнайдың булануы кезiндегi көмiрсутектердiң шығынын азайту әдiстерiн шартты түрде үш топқа бөлінетінін, яғни 1.Мұнайдың булануын ескертетiн әдiстер; 2.Булануды азайтатын әдiстер; 3.Булану өнiмдерiн жинау әдiстерiмен таныстырды. Тәжірибеге-бағытталған сабақ теориялық негізінде алынған білімдерін нығайтуға мүмкіндік береді.

ЖШС «Жайықмұнай» серіктесімізге берілген мүмкіндік үшін алғысымызды білдіреміз!

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz