25.02.2026 ж Ветеринария және техносфералық қауіпсіздік кафедрасында «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» білім беру бағдарламасының студенттеріне арналған семинар KPO B.V. компаниясының мамандарының қатысуымен өткізілді. Іс-шара барысында өндірістік қауіпсіздік, еңбекті қорғау және қоршаған ортаға әсерді азайту бағытындағы заманауи тәсілдер талқыланды. Компания өкілдері мұнай-газ саласындағы экологиялық жауапкершілік пен тұрақты даму қағидаттары туралы кеңінен ақпарат берді. Сонымен қатар, студенттерге өндірістік тәжірибеден өту және болашақта жұмысқа орналасу мүмкіндіктері таныстырылды. Семинар барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тәжірибелік кеңестер алды. Кездесу студенттердің кәсіби біліктілігін арттыруға және теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыруға үлкен мүмкіндік берді.

