«Таза Қазақстан» акциясы аясында ұйымдастырылған аумақты тазалау шаралары

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті Салалық технологиялар институты «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында жатақхана аумағын қардан тазалау шарасын өткізді.

2026 жылғы 28 ақпанда сағат 12:00-де Жәңгір хан көшесі, 43А мекенжайында ұйымдастырылған іс-шараға “Сәулет және құрылыс” және “Жалпы білім беру пәндер” кафедраларының оқытушылары Избасова Г.Ш., Ідірісов Б.Л., Утебалиев М.М. және студенттер белсене атсалысты. Қатысушылар жатақхана маңын қардан тазартып, тұрғындар үшін қауіпсіз әрі жайлы жағдай жасауға өз үлестерін қосты.

Шараның басты мақсаты — тазалық мәдениетін насихаттау, қоршаған ортаны күтіп ұстау және жас буынның экологиялық жауапкершілігін арттыру.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz