2021 жылдың 16 наурыз күні әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті мен Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің бірігіп ұйымдастыруымен педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ педагогикалық ғылымдар Академиясының академигі Клара Жантөреқызы Қожахметованың 70 жылдығына арналған  «ҰЛЫ ДАЛА ХАЛҚЫНЫҢ РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК ЖАҢҒЫРУ ЖӘНЕ ЦИФРЛАНДЫРУ ДӘУІРІНДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ЭТНИКАЛЫҚ ТӘРБИЕСІНІҢ ЖАhАНДЫҚ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ТРЕНДТЕРІ» атты халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференциясы өтті.

   Конференция жуырда ғана Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде жабдықталған профессор К.Ж.Қожахметова атындағы этнопедагогика кабинетінің ашылу салтанатын тамашалаумен басталды. Халықаралық конференция жұмысына  Ресей мемлекетінің  Марий, Забайкал, Чувашия, Қалмақ мемлекеттік  университеттерінің ғалымдары, Қазақстанның Адамның үйлесімді дамуы Ұлттық Институты, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Х.Досмухамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті, С.Баишев атындағы Ақтөбе университеті ғалымдары мен  К.Ж. Қожахметованың ғылыми  шәкірттері қатысты. Конференцияда профессор К.Ж. Қожахметованың этнопедагогика ғылымына сіңірген еңбегі мен этнопедагогикалық идеялары зерделеніп,  цифрландыру дәуіріндегі этникалық тәрбие және жаhандану үрдісімен  рухани-адамгершілік жаңғыру мәселелері қарастырылды.

 

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz