Ағымдағы жылдың 20 қараша күні «Атамекен» өнер ордасында Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің филиалы – С.Айтбаев атындағы көркемсурет галереясының «Сырдың сырлы әлемі» атты жылжымалы көрмесіне Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетіннің «Архитектура және құрылыс» кафедрасының аға оқытушысы Кенжеғалиева Бибігүл Амангелдіқызы және «Архитектура»21 тобының студенттері барып тамашалады.

Көрменің бас мақсаты – екі облыс суретшілерінің мәдени және рухани байланыстарына жол ашу, суретшілердің өзара шығармашылық тәжірибелерімен алмасу мүмкіндігіне ықпал ету, Қызылорда облысының суретшілерінің туындыларын Орал халқына көрсету, шығармашылық бағыттарымен таныстыру және жан-жақты пікір алмасу

Н. Жардемов студенттерге суретшілердің шығармашылығы, жұмыстарды орындау техникасы, жанры, түсі бойынша белгілі бір жағымды эмоциялар тудыратын шағын, бірақ мазмұнды экскурсия өткізді.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz