2024 жылдың 21-қазанында БҚИТУ акт залында БҚО Полиция Департаменті өкілдерімен кездесу өтті. Кездесуде қазіргі қоғамның ең өзекті тақырыптары – кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстар және интернет-алаяқтық мәселелері талқыланды. БҚО ПД криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Мусағалиев Артур Гайсиевич, БҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі, полиция полковнигі Мурзабаева Эльмира Жақсылыққызы интернет-алаяқтықтың түрлерін, олардың таралуы мен негізгі схемаларын, қоғам мен мемлекет үшін салдарын, киберқауіпсіздік тәсілдерін және желідегі алаяқтықтан қорғау әдістерін, сондай-ақ мемлекеттің интернет кеңістігіндегі қылмысқа қарсы күрестегі рөліне тоқталды.
Орал қаласы Абай ПБ ОМПС ювеналды полиция тобының учаскелік полиция инспекторлары, полиция капитаны Ахметова Аида Ғаділбекқызы және полиция аға лейтенанты Құрманалина Аида Қазиқызы кәмелетке толмағандар жасаған құқыққа қарсы іс-қимылдардың ерекшеліктері, жауапкершілік және қайтымсыз салдарлар туралы түсіндірді.
Кездесуді «Тарих және құқық» кафедрасының оқытушылары ұйымдастырды.

