БҚИТУ “Сәулет және құрылыс” кафедрасындағы 6В07303 Жерге орналастыру және кадастр білім беру бағдарламасының білім алушысы Сараузенов Нурдаулет  “Уралводпроект” ЖШС шақыруы бойынша “БҚО Ақжайық ауданы Көнеккеткен ауылының маңындағы Солянка өзеніндегі Ақжайық су қоймасын қайта құру жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуге” қатысты. Тереңдік мысалдарымен бар бөгеттерді түсіру жүзеге асырылды. Түсірілім бөгет бойымен көлденең және Солянка өзенінің тереңдігін қайықпен өлшеу жүргізілді. Студент сабақта алған теориялық дағдыларын көрсетті, тәжірибе E300 Pro спутниктік қабылдағышты (GPS) қолдану арқылы өтті.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz