17.10.2024 жылы сағат 17:00-де 409 аудиторияда 6В07101 – Көлік, көлік техникасы және технологиясы білім беру бағдарламасының білім алушылары үшін аға оқытушы Дастан Жексенгалиевич Гумаров «Теориялық механика» пәні бойынша «Кез-келген кеңістік күштер жүйесінің тепе-теңдігі» тақырыбында ашық сабақ өтті.

Ашық сабақты өткізу нәтижесінде қойылған мақсаттар толық көлемде орындалды, күштердің кеңістіктік жүйесінің әсерінен механикалық жүйенің тепе-теңдігін есептеу алгоритмі және оны берілген орталыққа келтіру егжей-тегжейлі қарастырылды. Қорытындылау кезінде студенттер механикалық жүйелерді есептеу саласында жақсы білім көрсетті.

Ашық сабаққа көлік және технология кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы және 2 курс студенттері қатысты.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz