“Сәулет және құрылыс” кафедрасының білім алушылары Отан қорғаушы жылына арналған “Сәулет және қала құрылысы” кафедрасы Тамбов мемлекеттік техникалық университеті ұйымдастырған жыл сайынғы “Жас сәулетші” халықаралық сурет байқауына қатысты.
Байқаудың мақсаты сәулет өнері саласындағы жас таланттарды анықтау, жастардың Отан қорғаушыларға деген мақтаныш сезімін қалыптастыру, сәулет өнері мен жобалық ойлауды насихаттау, олардың шығармашылық әлеуетін іске асыруға мүмкіндік беру және болашақ сәулетшілердің кәсіби ойлау бағытын дамыту болды.