2022 жылы 24-25 қараша аралығында Чебоксары қаласында И. Н. Ульянов атындағы Чуваш мемлекеттік университетінде «Энергетика, электротехника және энергия тиімділігін дамыту мәселелері мен перспективалары» атты VI Халықаралық ғылыми-техникалық конференция өтті.

Университет 1967 жылы құрылған, инновациялық орталықтардың бірі, Чуваш Республикасының жетекші ғылыми, білім беру және мәдени орталығы болып табылады, университет жоғары рейтингтік көрсеткішке ие. 47 мемлекеттің студенттері оқиды.

Конференцияға Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің «Энергетика, автоматика және есептеу техникасы» кафедрасының қауымдастырылған профессоры Садыкова Лязат Анатольевна қатысты. 24 қарашада оның «Батыс Қазақстан электржелілік компаниясының мәселелері» және «Қазақстандағы гидрожелі-энергетиканы дамыту» атты баяндамалары «Электр энергиясын басқару, жинақтау және бөлу аппараттары мен кешендері» секцияларында және «Дәстүрлі және дәстүрлі емес энергетиканың перспективалық технологиялары мен жабдықтары» секцияларында таныстырылым түрінде ұсынылды және көрсетілді.

Конференцияға Қазан, Уфа, Мәскеу, Новосибирск, Саратов, Самара, Орал қалаларының ғалымдары қатысты.

Жұмыс 6 секцияда жүргізілді. Конференция қатысушыларына ЖОО зертханалары: «Цифрлық қосалқы станция», «Релелік қорғау және автоматика», «Жылу техникасы», «Дәстүрлі емес энергия көздері» зертханалары ұсынылды, Чебоксары қаласындағы зауыттар бойынша экскурсия ұйымдастырылды.

25 қарашада «Энергетика және электротехника» факультетінің деканы, «ЭЭ және ӨА» кафедрасының меңгерушісі, профессор Владимир Геннадьевич Ковалевпен (Ресей Федерациясының бұрынғы Энергетика министрі), «Радиоэлектроника және автоматика» факультетінің деканы – профессор Григорий Петрович Охоткинмен, «Жылу энергетикалық қондырғылар» кафедрасының доценті – Всеволод Владимирович Андреевпен, «Радиотехника және радиотехникалық жүйелер» кафедрасының доценті – Чумаров Сергей Геннадьевичпен, Халықаралық бағдарламалар және академиялық ұтқырлық бөлімінің бастығы Калинина Екатерина Евгеньевнамен, «ЭЭ және АП» кафедрасының профессоры-Калинин Алексей Германовичпен кездесіп, келіссөздер өтті.

Келіссөздер нәтижесінде ЖОО-мен ынтымақтастық туралы шартқа қол қою, бірлескен қызмет бойынша Жол картасына, желілік оқыту бағдарламасына қол қою, профессор А.Г. Калининнің техникалық мамандықтардың оқытушылары мен білім алушылары үшін қонақ дәрісін өткізу, бірлескен жобаларды әзірлеу және зерттеу, халықаралық журналдарда бірлескен мақалаларды жариялау мәселелері шешілді.

Чуваш ЖОО «Қорғау және автоматика релесі», «Басқару релесі» жергілікті зауыттарымен бірлесіп университет шығаратын энергетикалық жабдықтар мен жүйелердің каталогтарын, «Энергия үнемдеу режимдерін басқару» бойынша әдістемелік құралдарын сыйға тартты.

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.