Білім алушыларға кәсіби бағдар беру және Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде жоғары білім алу мүмкіндіктері туралы ақпараттандыру мақсатында «Энергетика, автоматтандыру және есептеу техникасы» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы жалпы білім беретін мектептер мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында кәсіби бағдарлау жұмыстарын жүргізді.

Кәсіби бағдарлау іс-шаралары аясында келесі білім беру ұйымдарында кездесулер ұйымдастырылды:

  • № 12 орта мектеп;
  • № 26 орта мектеп;
  • № 39 орта мектеп;
  • № 48 орта мектеп;
  • № 34 орта мектеп;
  • № 8 орта мектеп;
  • Жоғары инженерлік-технологиялық колледж;
  • Орал политехникалық колледжі.

Кездесулер барысында мектеп оқушылары мен колледж білім алушыларына ЗКИТУ туралы жалпы мәліметтер, университетте жүзеге асырылатын білім беру бағдарламалары, оқу үдерісінің ерекшеліктері, заманауи зертханалар мен материалдық-техникалық база таныстырылды. Сонымен қатар, түлектердің жұмысқа орналасу мүмкіндіктері, болашақ кәсіби қызметінің перспективалары, қабылдау ережелері, оның ішінде ҰБТ, мемлекеттік гранттар және ақылы оқу туралы ақпарат берілді.

Өткізілген кәсіби бағдарлау іс-шаралары оқушылар мен колледж білім алушыларының техникалық бағыттағы білім беру бағдарламаларына қызығушылығын арттырып, болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға ықпал етті. Алдағы уақытта мектептер мен колледждерде кәсіби бағдарлау жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыру жоспарлануда.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz