Ю.А. Гагарин атындағы Саратов мемлекеттік техникалық университетінде «Менің болашақ мамандығым» атты инженерлік-техникалық бағыттар бойынша жобалар (медиа-жобалар) мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың халықаралық қашықтық олимпиадасы өтті.
Университетіміздің Көлік және технологиялар кафедрасының білім алушылары олимпиадаға белсенді қатысып, жүлделі орындарға ие болды:
- Филиппов Д.В., 6В11301 – «Көлікті пайдалану, жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» білім беру бағдарламасының студенті — «Тақырыпты кәсіби деңгейде ашқаны үшін» номинациясы бойынша 1-орын (ОП-22О тобы);
- Жуковский А.А., 6В07101 – «Көлік, көліктік техника және технологиялар» білім беру бағдарламасының студенті — «Материалды ұсынудың өзіндік ерекшелігі» номинациясы бойынша 2-орын (ТТТ-22О тобы);
- Мезенец Д.В., 6В07104 «Технологиялық машиналар мен жабдықтар» білім беру бағдарламасының студенті — «Инженерлік ойлауы үшін» номинациясы бойынша 2-орын (ТМО-32О тобы).
Студенттерімізге толағай табыс, жаңа жетістіктер мен жарқын жеңістер тілейміз!

