Өндірістік экскурсия білім алушыларға арналған техника мен технологиялар, өндірісті ұйымдастырумен, ондағы еңбек жағдайларымен жалпы жұмыс мазмұнымен танысу нысаны ретінде қызмет етеді.
2024 жылдың 19 наурыз күні «Стандарттау және сертификаттау» (салалар бойынша) БББ білім алушылары үшін «Өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету» пәнін зерделеуге байланысты «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ БҚФ Батыс Қазақстан филиалына тақырыптық экскурсия өткізілді.
Білім алушылар стандарттау, метрология, өнімді сертификаттау, менеджмент жүйелері саласында қызмет көрсетуден тұратын, сондай-ақ өнімнің сапаға сәйкестігіне сынақтар жүргізілетін орталықтың қызметтерімен танысты.
Экскурсиялық әсерлерді бекіту үшін білім алушыларға алынған материалдар мен ақпараттық деректерді презентация түрінде рәсімдеу ұсынылды.
Экскурсияларды жүйелі түрде өткізу – білім алушылардың стандарттау және сертификаттау саласындағы білімдерін қалыптастырудың қажетті шарты болып табылады.