2023 жылғы 10 сәуірде Ғылым апталығы аясында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде шетелдік жоғары оқу орындарымен бірлесіп «Инновациялық технологиялар экономиканы дамыту және жаңғыртудың негізгі факторы ретінде» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілді. Конференцияның модераторы э.ғ.к., қауымдастырылған профессор Асқар Махмудов болды.
Ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор а.-ш.ғ.к., қауымдастырылған профессор Жұбантаев Изімғали Нұрымұлы қатысушыларға университет атынан алғыс айтып, конференция жұмысына сәттілік тіледі.
Конференция жұмысына жақын шетел және Қазақстан ғалымдары, атап айтқанда Н.И.Вавилов атындағы СМАУ профессоры, э.ғ.д. Суханова Ирина Федоровна, Б.Б.Городовиков атындағы Қалмақ мемлекеттік университетінің экономикалық қауіпсіздік, есеп және қаржы кафедрасының доценті, э.ғ.к. Сарунова Марина Петровна, аға оқытушы Алляева Татьяна Владимировна, э.ғ.к., доцент Учурова Елена Огаевна, э.ғ.к., доцент Берикова Наталья Бадмаевна, аға оқытушы Манжиева Делгир Владимировна, э.ғ.к., доцент Кованова Екатерина Сергеевна, Б.Б.Городовиков атындағы Қалмақ мемлекеттік университетінің 1 курс аспиранты Зеркаль Егор, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің экономика және аудит жоғары мектебінің аға оқытушысы, э.ғ.м., Алия Досанова, Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің аға оқытушысы, э.б.м., Владимир Михайленко, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің экономика және менеджмент кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы мен білім алушылары қатысты.
Конференцияда инновациялық технологияларды дамытудың, экономиканы цифрландырудың өзекті мәселелері талқыланып, оларды жаңғырту бойынша ұсыныстар талқыланды.
Экономика және менеджмент кафедрасының оқытушылары үшін конференцияға қатысу оқу үрдісін жетілдірудің, факультетте ғылыми-зерттеу қызметін дамытудың, оқу орындарымен, өндірістік кәсіпорындармен кәсіптік бағдар беру жұмысын өзектендірудің тағы бір мүмкіндігі болып табылады.
Ресей мен Қазақстанның жоғары оқу орындарының ғалымдарының жеке және қашықтықтан қатысуы сындарлы диалог жүргізіп, пікір алмасуға, жаңа кәсіби байланыстар орнатып, ынтымақтастықтың перспективаларын белгілеуге мүмкіндік берді.
