12 желтоқсан 2025 жылы ЮР-33О, ЮР-35 топтарында “Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры” тақырыбында эдвайзерлік сағат өткізілді. Сабақтың мақсаты – студенттердің ұлттық тарихқа деген қызығушылығын арттыру, Тәуелсіздіктің құндылықтарын терең түсіндіру және ел болашағы үшін жауапкершілік сезімін қалыптастыру болды.
Сабақ барысында ЮР-33О,ЮР-35топтарының эдвайзері Е.А.Карагойшиев Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жолындағы тарихи кезеңдерге, ел дамуына ықпал еткен маңызды оқиғаларға тоқталды. Іс-шараның негізгі бөлігі ретінде студенттер эссе жазып, онда Тәуелсіздік туралы өздерінің ой-пікірлері мен патриоттық сезімдерін білдірді. Эсселерде жастардың ел тарихына құрметі, Қазақстанның болашағына деген үміті мен жауапкершілікке толы көзқарастары көрініс тапты. Студенттер тәуелсіздік ұғымының мәнін талқылап, ел үшін оның маңызын өз көзқарастарымен жеткізді. Ққатысушылар өз еңбектерін оқып, пікір алмасты, бір-бірінің ойымен танысып, талқылау жүргізді.
Бұл эдвайзерлік сағат студенттердің азаматтық ұстанымын қалыптастыруға, елін сүйетін жас буынның рухын нығайтуға бағытталған маңызды шара болды.


