12 желтоқсанда Салалық технологиялар институтының «Энергетика, автоматтандыру және есептеу техникасы» кафедрасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған тәрбие шарасы өтті.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған тәрбие шарасы өтті.
Іс-шараға «Электр энергетикасы», «Автоматтандыру және басқару (салалар бойынша)» және «Есептеу техникасы және ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламалары бойынша оқитын барлық курс студенттері қатысты.

Кездесу барысында Тәуелсіздік күнінің тарихи маңызы, ел дамуына жастардың қосатын үлесі және патриоттық құндылықтарды нығайтудың рөлі туралы мазмұнды талқылаулар мен әңгімелер жүргізілді.

Мұндай іс-шаралар азаматтық ұстанымды қалыптастыруға, ұлттық тарихқа қызығушылықты арттыруға және мемлекеттік рәміздер мен дәстүрлерге құрмет сезімін тәрбиелеуге ықпал етеді.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz