Қазіргі экономикалық және саяси жағдай адамның жеке психофизиологиялық ерекшеліктеріне жоғары талаптар қоюға мәжбүр етеді. Нарықтық қатынастар еңбек сипаты мен мақсаттарын түбегейлі өзгертеді: оның қарқындылығы артады, шиеленіс күшейеді, жоғары кәсібилік, төзімділік пен жауапкершілік қажет.

Осыған байланысты жастар мен оқушылар арасында мақсатты кәсіптік бағдарлау жұмыстарын жүргізуге үлкен назар аудару қажет, ол жеке тұлғаның кәсіби ниеттерін қалыптастыруды және оны жүзеге асыру жолдарын анықтайтын негізгі факторлардың бүкіл жүйесін терең білуге негізделуі керек.

2024 жылғы 3 қазанда кәсіптік бағдар беру жұмысы және қабылдау бөлімі Орал қаласының жоғары инженерлік-технологиялық колледжінің бітіруші курстарының білім алушыларымен “Құқықтану”, “Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану”, “көлікте тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару” мамандықтары бойынша кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізді.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz