БҚИТУ салалық технологиялар институтының ветеринария және техносфералық қауіпсіздік кафедрасында Дүниежүзілік сапа күніне орай студенттердің ғылыми конференциясы өтті.
Дүниежүзілік сапа күнінің мақсаты өнімдер мен қызметтердің жоғары сапасының мәнін арттыру, сондай-ақ сапа проблемаларына назар аударуға бағытталған қызметті жандандыру болып табылады.
«Эрудит» ғылыми үйірмесінің мүшелері болып табылатын 6В07501-«Стандарттау және сертификаттау» ББ 2-3 курс студенттері (салалар бойынша) әлемнің жетекші елдерінің экономикасындағы басым проблемалар болып табылатын сапа проблемаларына қатысты өзекті тақырыптарда баяндамалар жасады, оларды шешу кез келген кәсіпорынның, кез келген саланың қызметінде әр елдің табысқа жетелейді.
Өткізілген ғылыми-студенттік конференцияда сапа саласындағы стандарттау және сертификаттау қызметі туралы ақпарат алмасу баяндамашылардың тақырыптарын толық ашты: ISO 9000 халықаралық стандартының талаптары бойынша сапа менеджменті жүйесі, Кәсіпорында өнім сапасын жоспарлау, Сапа саласындағы саясат, Сапаны бақылау әдістерін қалыптастыру кезеңдері тақырыптарында баянлама жасалы.

