2022 жылы 18 қарашада сағат 15.00-де 6В04203-Көлікті тасымалдауды, қозғалысты және пайдалануды құқықтық реттеу білім беру бағдарламасының білім алушысы Зачаганск кенті, Сабыр Рахимов көшесі, 19 мекенжайы бойынша экскурсия өтетін жерге келді. Экскурсияны БҚИТУ ИГФ құқық кафедрасының эдвайзерлері А.Ж. Сәрсенова, Г.Б. Аралбеков, Ж. К. Тулеуғалиева алып жүрді.
Жергілікті полиция қызметі – Ішкі істер органдарының негізгі бағыттарының бірі. ЖПҚ міндеттері: Құқық бұзушылықтардың алдын алу; қоғамдық тәртіпті сақтау; жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету; әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізу; қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу. ЖПҚ функциялары: құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтауға, зерделеуге, жоюға бағытталған шаралар кешенін жүзеге асырады; ішкі істер органдарында профилактикалық есепте тұрған адамдардың мінез-құлқын бақылау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады; учаскелік полиция инспекторларының құқық бұзушылықтардың алдын алуда, алдын алуда және жолын кесуде жұмысын бақылайды және ұйымдастырады.

