2016 жылдың 25 қараша күні Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің Педагогикалық факультетінде «Алаштану» ғылыми үйірмесі мүшелерінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы және Желтоқсан көтерілісіне 30 жыл толуына орай «Тәуеліздік – құт мекен, Айналайын азаттық!» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Мерекелік іс-шара тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Боранбаева Бақтылы Сансызбайқызының ұйымдастыруымен және студенттер, Тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушыларының қатысуымен өтті.
Ерекше көзге түскендер 2 курс студенті Мұратова Айарудың «Тәуелсіздік – тұғырым» тақырыбындағы баяндамасы, мәнерлеп оқуда 2 курс студенті Диярова Бақытгүл Нұртай Алтайұлының «Туған жер. Тарих. Тәуелсіздік» өлеңдері болды.
Бұл кеште еліміздің тәуелсіздік жолында басынан кешкен басты-басты оқиғаларынан бейнефильм көрсетілді. Студенттер «Тәуелсіздік ұғымының терең мәні» тақырыбында қала тұрғындарымен ой бөлісіп, сұхбаттасып, бейнеролик түсірген.
Одан басқа да, іс-шараға қатысушы студенттер мен қонақтар арасында әңгімелесу жүргізілді. Әңгімелесу кезінде келесі сұрақтар қойылды:
- Тәуелсіздіктің мағынасын қалай түсінесіз?
- Тәуелсіздік бізге не берді?
- Біздің тәуелсіз, жас, өркендеп дамушы елімізге қандай ақ тілегіңіз бар?
Мерекелік іс-шараның соңында қатысушы оқытушылар мен студенттер өздерінің ойларын ортаға салып, мерекелік көңіл-күйге бөленді.




