“Экология” бағыты бойынша халықаралық қатысумен Бүкілресейлік студенттік олимпиадаға БЖЗ-42О ветеринария және техносфералық қауіпсіздік кафедрасы тобының студенттері қатысты. олимпиаданы өткізу нәтижелері бойынша студенттер Исагалиев Ілияс пен Кеслер Иван дайындықтың жоғары деңгейін көрсетіп, жүлделі II орынды иеленді.

Студенттердің жетістігі кафедра оқытушылары тарапынан сапалы дайындықтың, сондай-ақ білім алушылардың теориялық білімдерін тәжірибеде табысты қолдана білуінің арқасында мүмкін болды.

Олимпиадаға қатысу студенттердің кәсіби деңгейін көтеріп қана қоймай, халықаралық деңгейде тәжірибе алмасу мүмкіндігін ұсына отырып, ғылыми-зерттеу қызметіне деген қызығушылықты оятты.

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz