Қараша айының 2-сі күні Педагогика факультеті филология кафедрасының жанынан кафедра оқытушысы Д.М.Какимованың жетекшілігімен ашылған «Кітапхана ісі» мамандығы студенттері мүшелігімен жұмыс жасайтын «Жас кітапханашы ғылыми-тәжірибелік үйірмесінің «Кітаптың пайда болу тарихы. Кітап баспа ісі» тақырыбындағы кезекті ашық отырысы өткізілді.
Отырысқа факультет деканы Б.С.Жұмақаева, филология кафедрасының меңгерушісі М.Қ.Ажгалиев, кітапхана меңгерушісі І.С.Дленова, филология кафедрасының оқытушылары мен «5В091000-Кітапхана ісі» мамандығының күндізгі және сырттай бөлім студенттері қатысты.
Отырыс барысында кітаптың пайда болу тарихы (алғашқы кітап үлгілері ұсынылды), кітап баспа ісі тарихы (қазіргі кітап баспа ісінің жайы), көне кітаптар, оқуға ұсынылатын қызықты және ерекше кітаптар, шетел мен Қазақстандағы кітапқа арналған ескерткіштер, кітапты күтіп баптау жолдары ұсынылды. Отырыс мақсаты – жастар қауымын аталған мәліметтермен таныстыра отырып, кітап оқуға шақыру.


