Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің педагогика факультетінің еріктілер тобы Ұлы Отан Соғысының ардагері Райса Жанжігітованың үйіне барып, қарын күреп берді.
Еріктілік – жастардың өз белсенділігін көрсетіп қана қоймай, адамдарға көмек беріп, тәжірибе жинауға, өмірлік маңызды дағдыларды дамытып, әлемді жаңа қырынан көруге мүмкіндік береді. Сондықтан, уақытты еріктілікке жұмсау – тұлғалық дамуға құйылған инвестициялар болып табылады. Волонтерлік қызмет – өз еркіңмен баратын жүректің жұмысы,- дейді құқық қорғау қызметі мамандығының бірінші курс студенті Нұрбол Құрманов.