25-26 сәуір 2024 жылы Астана қаласында  өткен ENACTUS KAZAKHSTAN NATIONAL EXPO 2024 мектеп және студенттік кәсіпкерліктің, стартаптар мен инновациялардың Ұлттық кубогына БҚИТУ СТИ қабырғасында алғаш рет құрылған ENACTUS IOT-WKITU командасы барып қатысып келді. Қазақстанның барлық өңірлерінен оқушылар, колледждер мен ЖОО студенттері, сондай-ақ бизнес және білім беру саласындағы көшбасшылар жиналған үлкен іс-шара өтті. Қатысушылар 17 ТДМ (тұрақты даму мақсаттары) қол жеткізуге бағытталған әлеуметтік-кәсіпкерлік, экологиялық және инновациялық жобаларын көрсетті. Жыл сайын өтетін  бұл іс –шарада Қазақстандағы ENACTUS ұлттық кубогына қатысушылар жобалық қызметінің нәтижелерін көрсетеді. Бұл шарада жарысқа демеуші компаниялардың көрмесі, бос орындар жәрмеңкесі, жұмыс берушілермен іскерлік кездесулер, питчинг және қатысушыларға арналған арнайы конкурстар өткізілді. Жарыс соңында жеңімпаз командалар ENACTUS WORLD CUP 2024 әлем чемпионатында Қазақстанның атынан өкілдік ету құқығын алды. Осы маусымда Ұлттық кубокта 200-ден астам команда қатысты. Алдағы уақытта команда үлкен жетістіктерге жетіп, жүлделі орындарды иеленуіне тілектеспіз!

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz