БҚО кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының кеңсе меңгерушісі ҚР-ның Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтің 2019 жылғы 02 қыркүйегіндегі Елбасының жолдауын түсіндіру мақсатында БҚО инновациялық-технологиялық универсиетінің әр түрлі факультет студенттерімен кездесу өткізілді. Кездесу өткізудің басты мақсаты жастардың құқықтық біліктілігін арттыру, сот саласына қарай бағытталу және дауларды сотқа жеткізбей медиация тәртібімен шешу туралы түсіндіру болып табылды.

Өз сөзінде Утегенова Жанна ҚР-ның Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтің жолдауын түсіндіріп, қойылған сұрақтарға жауап беріп, Қазақстанның өркендеуі мен оның тұрақтылығы туралы сөз қозғады.

Дауларды сотқа жеткізбей, соттан тыс нысанда медиация тәртібімен шешуді және Татуластыру орталығының жұмысы мен мақсаты жайлы айтып, университеттеде медиация кабинетін ашу туралы ұсыныс тастады.

Сот маманы Сарсенова Ақмарал  қатысушы  студенттерді «Төрелік»,  «Сот кабинет» атты ақпараттық жүйелерінің жұмыс істеу ерекшеліктерімен таныстырды.

Кездесу барысында студенттердің барлық қойған сұрақтарына толық жауап берілді.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz