2022 жылдың 22 қазан күні Батыс Қазақстан инновациялық технологиялық университетінде Республика күніне орай «Еңсесі биік егемен елім» атты мерекелік концерт өтті.

Тілдер және менеджмент факультетінің Филология, мәдениет және оқыту әдістемесі кафедрасы ұйымдастырған концертті университет ректоры Б.Т. Шакешев құттықтау сөзімен ашып, жекелеген оқытушыларды облыс және қала әкімдігінің алғыс хатымен марапаттады.

Концертте кафедра оқытушылары, ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері        М.А. Амирханов, Ж.М. Хасанова және Музыкалық білім беру, Мәдени-тынығу жұмысы, Қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламаларының студенттері өз өнерлерін көрсетіп, көрерменге мерекелік көңіл күй сыйлады.

Концерт барысында Республика күні мерекесіне орай ұйымдастырылған эссе жазу сайысының қорытындысы шығарылып, жүлделі орын алған студенттерді университеттің бірінші және оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректоры С.А. Машанова грамоталармен марапаттады.

Мерекелік концерт мазмұнға сай, жоғары деңгейде өтті.

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz