Республика Күніне орай 2022 жылдың 21 қазан күні Инженерлік-гуманитарлық факультетінің және Жоғары инженерлік технологиялық колледжінің ұйымдастырумен «Мәңгілік жаса, қыран елім-Қазақстаным» атты шығармашылық кеш өтті.
Шығармашылық кештің шымылдығын Инженерлік-гуманитарлық факультетінің деканы Билашев Бауыржан Әкимжанович ашып, Республика күнінің маңыздылығын айттып кешке қатысушы корермен қонақтарды, ПОҚ пен студенттерді құттықтады. Кейін Жоғары инженерлік технологиялық колледжінің директоры Хайржан Гульфия Хайржановна сөз алып, барша әріптестерінің жеткен жетістіктерін айтып, мақтау грамоталарын табыстады.
Концерттік бағдарлама Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимінімен ашылып, әрі қарай патриоттық әндер, әр-ұлттың билері орындалды. Сонымен қоса, студент жастарынан құралған оркестр қазақтың керемет күйлерінен попури орындаса, факультетіміздің белсенді студентері поэзия жанырында патриоттық өлеңдер оқып, көрермендерді тәнті етті.





