2023 жылғы 29-қарашада білім және менеджмент институтының базасында «ARQA» білім беру сапасын аккредиттеу және сараптау жөніндегі Тәуелсіз агенттігінің оқыту семинары өтті. Агенттіктің қызметімен ARQA директорының орынбасары Есентемирова Айгүл Маратқызы және п.ғ.д., директордың кеңесшісі – Нәби Ысқақ Айтқұлұлы таныстырды.
Кездесу модераторы – стратегия және сапаны қамтамасыз ету жөніндегі проректор А.С. Мұханбетқалиев. Семинар жұмысына бірінші проректор С.А. Машанова, білім және менеджмент институтының директоры А.С. Тасмағамбетов, аккредиттеу бөлімінің басшысы А.С. Иргалиев, кафедра меңгерушілері, институттың құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, институттың ПОҚ қатысты.
Оқыту семинары барысында «ARQA» агенттігінің өкілдері жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының білім беру бағдарламаларын мамандандырылған аккредиттеудің жаңа (2023 жыл) стандарттарын және педагогикалық білім беру ұйымдарының білім беру бағдарламаларын мамандандырылған аккредиттеу стандарттарын ұсынды. Семинар қорытындысы бойынша өзін-өзі бағалау критерийлеріндегі өзгерістер және педагогикалық бейіндегі білім беру бағдарламаларын аккредиттеудің өзекті мәселелері талқыланды.
