Құрметтіде нәзік жанды әріптестеріміз және университетіміздің білім алушылары!
Баршаңызды 8 Наурызда келетін көктем мен нәзіктіктің, махаббат пен мейірімділіктің мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Білім беру – бұл ақыл мен тәжірибе ғана емес, сонымен бірге рухани қасиеттер де маңызды орын алатын ғажайып мамандық. Расында да, осынау ауыр болса да асыл кәсіпке өмірін арнаған ару әріптестеріміздің өз шәкірттерінің жүрегіне жол тауып, асқан қамқорлықпен аялап, жандарының жылуын төгіп келе жатқандығына баршамыз да куәміз.
Ару әріптестер және студенттер! Университетіміздің дамуы мен өркендеуіне қосқан үлесіңіз, жасампаз еңбегіңіз және туған альма-матерге деген шынайы сүйіспеншілігіңіз, сарқылмас мейірімділігіңіз, жүрегіңіздің жомарттығы мен әлемді жарқын да жайлы етіп келе жатқандығыңыз үшін зор алғысайтамыз.
Баршаңызға шын жүректен зор денсаулық пен бақыт, оқу мен еңбекте толағай табыс, отбасыларыңызға амандық тілейміз!