Университетімізде өтіп жатқан сапа апталығы аясында бүгін цифрландыру және инновация департаменті, білім беру технологиялары мен аралас оқыту орталығы, дене мәдениеті және информатика кафедрасы бірлесіп әдістемелік семинар ұйымдастырды. Бұл шараның басты ерекшелігі – теориядан алшақтап, практикалық қолдануға бағытталған жұмыстар жасау. Жасанды интеллект пен нейрондық желілердің білім беру саласында қарқынды дамуы оны дәл қазір тәжірибеде қолдану қажеттігін көрсетті, сондықтан да семинарда осы бағыттағы өзекті мәселелер талқыланып, тиімді әдістер ұсынылды.

Семинар барысында қатысушылар келесі тақырыптарды қамтыған белсенді жұмыспен айналысты:

✓Жасанды интеллект және генеративті ЖИ модельдері

✓Промпт құрылымы және чатқа сауал қою

✓Тілдесу мәнері және чат-ботпен қарым-қатынас

✓Нейрондық желі негізіндегі платформаларға шолу

✓Педагогтерге академиялық адалдық бойынша кеңестер

Семинардың ерекше спикері, білім беру технологиялары мен аралас оқыту орталығының жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор Светлана Меңдіғалиқызы болды. Ол ChatGPT мүмкіндіктерін еркін игеру және оны оқу процесінде табысты қолдану жолындағы бай тәжірибесімен бөлісіп, оқытушылар үшін үлгілік нұсқаларын ұсынды. Профессордың бұл тәжірибесі семинарға қатысушылардың санасына серпіліс беріп, жасанды интеллектті өз сабақтарында тиімді қолдануға шабыттандырды.

Бұл семинар – университетіміздегі білім беру сапасын арттыруға, педагогтер мен студенттерге технологиялық құралдармен жұмыс істеу дағдыларын үйретуге бағытталған маңызды қадам болды.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz