2021 жылы 20 қаңтарда Педагогикалық факультеті Тарих және құқық кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік-бәрінен қымбат» мақаласын талқылауға арналған дөңгелек үстел өткізілді.   Дөңгелек үстелге  Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің ғалымдары Құрманалин Самат Бақытжанұлы, Калменов Мурат Дабылұлы, Мұрат Сабыр Бөкенбайұлы, Бегилов Талгат Зауырұлы, Қайыров Асан Бақиұлы, Кинжекова Рысқаным Сәлімқызы, Мамыров Азамат Ыбырайұлы қатысты.

   Шараның мақсаты- еліміздің бас газетінде жарық көрген Президенттің мақаласы арқылы ұлттық мүддені ұлықтау. Тәуелсіздіктің құндылығын насихаттау. Ұлт тарихына қайта бұрыла отырып, еліміздің өткенінің ақтаңдақ беттерін саралау. Жас ұрпаққа патриоттық тәрбие берудегі тәуелсіздіктің қадір-қасиетін ұғыну.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz