2022 жылдың 29 сәуір күні Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің инженерлік-гуманитарлық факультетінде 6В04202 “Құқықтану”, 6В04203 ” «Тасымалдауды, қозғалысты және көлікті пайдалануды құқықтык реттеу»” білім беру бағдарламасының I, II курс студенттерінің Батыс Қазақстан облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ерлан Илишевич Идировпен кездесуі ұйымдастырылып өткізілді. Кездесуде Қазақстан Республикасы сот органдарының өзекті мәселелері, үшінші бейтарап тараптың қатысуымен ерікті келіссөздерге қатысу арқылы жанжалдасушы тараптарды татуластыру рәсімі ретінде медиация талқыланды. Студенттердің қызығушылығын судьяның мансапты қалыптастыру және осы мамандықты таңдау туралы әңгімесі тудырды.

Білім алушылар судья мәртебесі, ҚР сот жүйесіне қатысты көптеген қызықты сұрақтар қойыды.

Гуманитарлық және құқықтық пәндер кафедрасы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.